Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Бөрітастаған - жартасының ерекшелігі

«Мәдени мұра» ұлттық страттегиялық бағдарламаның қабылдануына орай, соңғы жылдары көптеген тарихи обьектілер ашылып зерттелу үстінде.

Алайда, тарихи-мәдени кешен туралы түсінікке ой жеткізуде тек таңдаулы нысандар ғана негіз бола алмайды, өйткені бір тұтас рухани дүниені қалыптастыруда басқада көптеген ескерткіштерді, солардың ішінде тас бетіндегі суреттер мен сызбаларды, жерлеу-ғұрыптық орындарды және тас мүсіндерді айтып кетуге болады. Барлық континеттен табылған адамзат қоғамдастығының рухани және материалдық мәдениеттің көрнісін тас бетіне түсірген суреттер мен таңбалардан аңғарып, байқауға болады. Сонау тас бетіндегі бенелеу өнері, сонау тас ғасырынан бастауын алады. Қазақстанның жартас бетіндегі суреттері мен таңбалары, ғылыми зерттеудің нысанына әлдеқашан айналған болатын. Сол бір таңғажайып тарихи нысанның бірі – Бөрітастаған жартасындағы бояулы суреттер. Негізі бұл ескеркіш 20 ғасырдан бастап зерттелген болатын, кейін 2009 жылдартан бастап зерттеу жумыстары қайта жандана түсті. Әдетте осы бір жартастың маңында ғұрыптық құралдарының және өндірістік қаладықтары кездесіп жатады. Бөрітастағанның жазба-суреттері туралы мағұлмат көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. Солардың бірі Бейсенбай Байболовтың еңбегін қарасырып кетсек.

«Ерте қырғыздар арасында аты танымал бір батыр кемпір өмір сүрген екен. Күндердің күнінде Тарбағатай тауының бөктерінде, ұршығын иіріп, бір отар қойды бағып отырған кезінде малға қасқыр шауыпты. Сол сәтте малын қорғайын деп қолындағы ұршығын қасқырларға лақтырған да ол Тарбағатай тауынан (25-30 верст.) қашықтықта орналасқан Боғас жазығына түседі де, (ұзындығы 20-30саж, биіктігі 8-10 саж) тауға айналып кеткен. Қазақтар қасқырды «бөрі» деп атаған, демек «бөрі-тастаған» деген атау содан пайда болған. Бұл аңыздан аталмыш апамыздың қаншалықты мықты болғанын байқауға болады. Осы аңыздан байқасақ ол қолында жайғана ұршық емес, үлкен тауды көтергенін көреміз. «Бөрітастаған» атауы ерекше көрніс береді: ол елді мекені жоқ далада, айналасында бір де бір тау, не бір дөңде жоқ жазық жерде орналасқан. Адамдарға төбесіне шығуға өте қиынға түсетін биік жалаң жартас. Осы жартастың қасында халық әділ қазылардың аймақтық төтенше жиыны өтеді. Таудың тастарында жиынға қатысқан басшылардың аты-жөні жазылған, және де еуропа нәсілді адам басының көне суреті бейнеленген» (Байболов, 1914 с8).

Бөрітастаған Боғас өзенінің қасындағы жазық аймақта орналасқан, өзі бір қызғылт өңді жалаң жатқан сом шойтастай көрінеді. Жазықта жатқан, ертеде тіршілік еткен, терісі қалың айуан сияқты көрніс береді. Бөрітастаған таңғаларлық пошымды ашық түсті гранитты жартас. Оның қасында қырғыздар жиі көшіп-қонып жүрген. Жартаста әр түрлі боямен жасалған адамдардың, құстардың, аңдардың бейнелері бейнеленген. Қырғыздар (қазақтар) осы жерге жиі келіп құрбандық шалып жартас төбесінде өсетін бұталардың бұтағына немесе түбіне шыт байлап отырған, болмаса жай түйіп сол жерге тастап кеткен. Бөрітастағанның бояулы суреттері әртүрлі нышандық белгілері мен адам пішіндес мүсіндер, әр алуан жануарлардың сурет-кескіндемелерімен ерекшеленетін тарихи нысан.