Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

image

М.И. Чистяков

«Бақыт деген – өмір сүрудің өзі болар бәлкім!»

2017 жылдың 29 тамызы күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының ардагері КСРО Жазушылар Одағының және Қазақстандық танымал ақын-ұстаз М.И. Чистяковтың туғанына жүз жыл толуына орай «Бақыт деген-өмір сүрудің өзі болар бәлкім!» деген тақырыпта көрме ашылды.

Көрме арқылы ұстаз-ақынның-М.И. Чистяковтың атаулы қорында жинақталған бірегей материалдары жарияланып, музей қонақтарын ақынның ұстаз ретіндегі қоғамдағы қайраткерлік қызметінің сан-салалы қырлары мен дәйекті түрде жан-жақты таныстырады.

М.И. Чистяков-Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры.

Ақын кітаптары оқырмандардың бір ғана легін емес әлденше толқынға жататын ұрпақтарын тәрбиелеп келеді.

Ақын шығармашылығының белесті ұзақ жылдарында 23 өлең кітаптары жарық көрді, сонымен қатар, шығармалар жинағының 5 томында да (2003-2007) жылдар аралығында шығарылды. Чистяковтың ұстаздық қызметі жайлы «Ағынға қарсы» атты романы өмірінің соңғы кезеңінде Өскеменде кітап болып шықты.

М.И. Чистяковтың шығармаларында кеңес жауынгерлерінің елжандылық рухы шынайы көрсетілген. Жауынгер-ұстаздың жерлестерінің ерлікке толы бейнелері туралы нанымды баяндаумен қатар Шығыс Қазақстанның тамылжыған табиғаты сүйіспеншілікпен жырланған.

1985 жылдың 18 сәуірі күні қалалық атқару комитетінің №228 шешімі бойынша Михаил Иванович Чистяковқа Өскемен қаласының Құрметті азаматы деген атақ берілді. Оның есімі Қазақ КСР-нің қысқаша энциклопедиясының 4 томына енді (1991 ж).

Қала тұрғындары мен меймандарын Өскемен қаласы Қасым Қайсенов көшесі, 40 мекен-жайында ұйымдастырылатын көреге шақырамыз.


image image image