Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Достық шаңырағы» көрме

Облыстық Достық үйінің 25 жылдық мерейтойына «Достық шаңырағы» көрмесі жабдықталды. Бұл көрме «Қазақстандағы және іргелес территориядағы этнодемографиялық үрдіс » атты XVI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда көрсетіледі. Көрмеде Достық үйінің тарихы және этномәдени бірлестіктердің қызметі жайлы баяндалады.

1992 жылы Қазақстанда алғашқы рет құрылған Облыстық Достық үйінің тарихы қызықты әрі бірегей. Экспозицияның фотосуреттері мен құжаттары облыстағы этномәдени бірлестіктердің сан қырлы қызметінің қоғамдық келісім орталығы – Облыстық Достық үйінің белсенді жұмысын көрсетеді.

Қазақстанның жері көптеген этностарға туғанындай болып кеткен. Қазақстанның көп ұлтты материалдық және рухани құндылығы – бірыңғай күштің нәтижесі және Қазақстанды өз үйіндей көріп кеткен адамдарға берілген үлкен сый. Шығыс Қазақстан этностарының тарихы фотосуреттер мен құжаттарды суреттейді.

image

image

image

image