Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Ғылым мен оқушыларға арналған ғұмыр»

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ғылым мен оқушыларға арналған ғұмыр» атты көрме ашылады. Бұл көрме «Дорогу осилит идущий» (Көп жүрген жер таниды) сөзі девизге айналған адамдар туралы болады. Экспозицияда Қазақстанның геологиялық, палентологиялық, климатологиялық ғылыми мектептерін құрушылар: К.И. Сатпаев, Н.Л. Бубличенко, В.С. Ерофеев, В.С. Баженов, В.Е. Попов, К.И. Попова, жоғары мектептің педагогтері мен танымал ғалымдар атанған ізбасарлары туралы: Н.И. Михайлова, Л.А. Линева, А.В. Егорина, В.А. Синегеров, И.Ф. Самусев, К.П. Прокопов және олардың оқушылары туралы айтылады. Қазақ географиялық қоғамы, ӨқПИ ЕГФ Шағын географиялық қоғамы және Қазақ географиялық қоғамының Өскемен қаласындағы филиалы мүшелері ұрпақтарының мұрагерлері қадағаланады.

Музейде алғашқы рет Н.И. Михайлованың (АН Казақстандық мектебінің палинологі, Алтай палеофлора зерттеушісі, геологиялық-минерологиялық ғылымдар кандидаты) палентологиялық жинақтамасынан, В.С. Ерофеевтің (Қазақстан мен Алтайдың жас геологиялық тарихын зерттеуге үлесін қосқан геологиялық-минерологиялық ғылымдар докторы), В.А. Филиппованың минерологиялық жинақтасынан (Бакен және Асубұлақ сирек кездесетін металл кен орындарын тұңғыш ашқан геологиялық-минералогиялық ғылымдар кандидаты) экспонаттар көрсетіледі. Көрменің экспозициясында ғалымдар мен оқытушылардың жеке заттары, ғылыми еңбектері, кітаптар, мақалалар, баспа-таңбалар, фото-суреттер, құжаттар ұсынылды. Көрмеде барлығы музейдегі жаратылыстану-тарихи қорының жинақтамасынан 360 экспонат көрсетіледі.

image

image

image

image