Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Дәкішев Бақаш

Облысты тарихи-өлкетану музейі 1915 жылы құрылған ең ежелгі мұражайлардың бірі. Музей қорында 145 мыңнан астам жәдігерлер бар. ШҚО табиғаты, археологиясы, этнографиясы жайлы баяндайтын көнекөз жәдігерлер осы күнге дейін ұқыпталып сақтаулы. Сонымен қатар музей қорында әдеби бөлімде бар. Бұл бөлімде Шығыс Қазақстанның атақты ақын-жазушылар жайлы мәліметтер, құжаттары (өз қолымен жазған өмірбаяны, мадақтау қағаздары мен дипломдары, кітаптары) және фотосуреттері сақтаулы. Соның ішінде, О. Бөкейұлы, Қ. Ысқақұлы, М. Құмарбекұлының және сонымен қатар осы өлкеден шыққан орыс жазушылар жайлы көптеген материалдар бар екен. Осы құжаттардың ішінен осы оңірде туып-өскен біздің жерлесіміз Дәкішев Бақаштың бірнеше құжаттары жатыр бар екен. Бұл құжаттарды ол өзі музейге табыстап кеткен екен. Бақаш Дәкішевтің өз қолымен жазған өмірбаянына көз жүгіртсек: «Мен Дәкішев Бақаш 1927 жылы ШҚО бұрынғы Серебрянск ауданында дүниеге келдім. 1939 жылы он жасымда анам дүниеден өтіп жетім қалдым, қолымда жеті айлық қарындасым қалды. Қарындасымды ең үлкен әпкем қарауға алған. Тұрмысымыз нашар болды, еш нәрсе жетіспеді. Кейін, 1942 жылы 15 жасымда шахтаға бұрғылаушы болып жұмыс істедім. Сол қин-қыстақ кезде қасымда нағашым болып, менімен жұптысып үлкен қолдау көрсетті. Нағашымның сол кездегі жасаған қайрымдылығының арқасында бүгінгі күнге жеттім деп есептеймін. Бұл оқиғаның барлығы Шығыс Қалба жерінде болған еді.

1944 жылдың қараша айында ағам Нүрпейісов Сейілгазымен қосып Ақтау жеріндегі тау-кен ісіне кеншілік жұмысына ауыстырды. 1948 жылы жарым және төрт баламмен «УбаРедМет» атты кен орнына ауысып, бұрынғыдай бұрғылаушылықпен айналыстым. Осы жерден кейін жұмыс бабымен ағаш ұсталығына ауысып 5 дәреже тағайындады.

1956 жылы маусым айында комсомолдық жолдамамен Қарағанды облысындағы Теміртау қаласындағы «Қазметалургстройға» ауыстырды. Осы жылдың қараша айында қалалық Ішкі істер бөліміне ауыстым. Қатардағы сержент болып қызмет атқардым, кейін кіші сержант атағын берді. Қызмет барысында өсіп, аға инспектор болдым. 1963 жылы маусым айында ШҚО Глубокое ауданына ауыстырылдым, бір жылдан соң шұғыл өкілетті инспекторы қызметіне ауыстырды. Уақыт өте келе қылмыс істерді ашумен айналысатын аға шұғыл қызметкері істерімен айналыстым. «Милиция үздігі» деген 6 медаль иеленіп, аға лейтинант атағымен зейнетке шықтым. Отыз жыл мерзімінде облыстық, аудандық газеттердің штаттан тыс тілшісі болдым. Бұл күндері балаларға арналған ертегілер, аңыздар жазумен шұғылдандым, ал ересектер үшін милиция тірлігіне қатысты әңгімелер, қиында қызықты тірлік жайлы повесть жаздым» - деп жазылған екен.

Бақаш Дәкішев сан-салалы жанрға қалам тербетеді. Ол ондаған ертегілермен әңгімелердің авторы. Көптеген мақалалармен әңгімелері баспасөз құралдарының бетінде жарыққа шықты. Атқарған қызметінің барысында шығармалық байқаулардың қорытындысы бойынша көптеген сыйлықтарды иеленді. «Ұйқысыз сақшылар» деген атпен шыққан ұжымдық жинаққа оның «Құлдырау» деген тақырыппен жазылған әңгімесі еңгізілген.

Милицияда қызмет атқарған тәртіп сақшысы бүгінгі күндері полиция қызметкерлерінің қиындығымен қызығы аралас жұмыс барысымен тіршілігі туралы повесть жазумен шұғылданды. Қаламның ұшымен ол жас қызметкерлерді тәрбиелеу ісіне, олардың жұмыс барысындағы және үйдегі тәртіптің мән жайына бағыттады. 70-ші жылдарда ол жазған әңгіме бүгінгі күннің оқырмандарының да жан –дүниесіне бойлай әсер еткен еңбек ретінде жадында. Әңгімелерінде ішімдікке салынған ананың балаларымен күйеуінен қалай айрылғаны нанымды суреттеледі. Ең аяғында ол өзінің оңбай қателікке бой ұрғанын түсініп, өзінің ұлына деген аналық құқығына бас тартып, «тапқан жан ана емес, баққан жан ана» деп өкінішпен айтып жан-дүниесінің күйзелісін жайып салады. Оның осы тақырыпқа арналған әңгімесі ішімдікке бой ұрып, өз балаларын қараусыз, жалаңаш әлдекімдерге сеніп қалтырған әрекеттерін айыптауды оқырмандардың талқысына ұсынады. Оқиға нанымды әңімеленіп, жейіркенішті әрекеттеген әркімді бойын аулақ ұстауға үндейді.

«Қатігездік» тақырыбымен жазылған әңгімесінде маскүнем атасымен әжесі өздерінің төрт жасар немересін өлтіріп, іздерін жасыру үшін баланы көміп, бетін күз жапырақтарымен қалқалап жапқанын баяндайды. Ішімдікке салынған жан тағдыры тәртіп сақшысының келесі бір әңгімесіне арқау болған.

Тағдырын тәлпек еткен жандардың азғынғанына куә болып араласудың тәртіп сақшыларына адамгершілік тұрғыдан ауыр болумен бірге оның өз өмірі де айтарлықтай қауыппен бетпе-бет келетін жағдайлардың жиі орын алатыны оның әңгімелері арқылы дәйекті түрде баяндалады. Қоғамды салауатты өмір салтына үндейді. Тәртіп сақшысы, өз шығармаларына арқау болған кейіпкеріне жанашарлық көрсете отырып, тығырықтан шығудың тәсілін үйретуге тырысады. Бақаш Дәкішев өзінің жан-дүниесінің толқуларын қағаз бетіне түсіру арқылы өз замандастарына қоғамда орын алған келеңсіздіктерді айыптап оларды болдырмауға бағыттаған көкейтесті мәселені көтеруге талпынған адам деп таныдым.