Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Қазақстан. Жасампаз жылдар

Экспозиция Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының Тәуелсіздік жылдарындағы даму барысы туралы әңгімелейді. Уақытты тарих тұрғысынан екшемдегенде айтарлықтай қысқа мерзім ішінде, Қазақстан заманауи мемлекет ретінде қалыптасуға қол жеткізді.

Елдің беделі бекем бекіп, әлем халықтарының алдында құрметке бөленді. «Қазақстан даму жолы», деген атаумен танымал болған, еліміздің саясат пен экономика саласындағы табысты оң өзгерістері ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, ел басқаруда ұстанған болжампаз, байсалды саясатымен стратегиялық көрегендігі екенін әлем жұртшылығы мойындады. Экспозиция материалдары Ұлт Көшбасшысының Шығыс Қазақстан облысын дамытуға сіңірген еңбегі мен қосқан үлесі туралы айғақты түрде әңгімелейді. Экспозиция көріністерінде «Қазмырыш» ЖШС, «ӨТМК» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ тәрізді алып кәсіпорындардың өмірінен орын алған маңызды сәттер бейнеленген.

Жаңа өндіріс саласы – автомобиль құрау ісінің аяғынан тік тұрып қалыптасуын Елбасы үнемі назарында ұстап тікелей қамқорлық көрсетуімен болды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Семей қаласы жер ғаламаттарының келекшекте ядролық қарудан азат болуының рәмізіне біртіндеп айналып келеді.

«Шығыс Қазақстан - еліміздің інжу-маржаны болып тек табиғатына бола саналмайды. Мұнда өз өлкелерінің гүлденуі үшін бар күш - жігерін жұмсайтын, тамаша еңбекқор және дарынды адамдар өмір сүреді» - деген Н.Ә. Назарбаевтың бағалауын орынды мақтан тұтамыз.

Экспозиция материалдары Қазақстан Республикасы ұстанған сыртқы саясаттың басым бағыттары, еліміздің халықаралық аренада көтерген маңызды бастамалары туралы, сол сияқты елде парламент институтының дамуын, азаматтық қоғамның қалыптасуын көрнекті түрде айшықтап көрсетеді. 1995 жылы қабылданған Конститутция Қазақстан тарихынан орын алған аса маңызды айтулы оқиға болды. Көпұлтты Қазақстан бірлігіне қатысты мәселелермен Қазақстан халқының Ассамблеясы айналысады. Экспозициядан Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстық Достық үйінің қызметі туралы материалдар орын алған. Облыстық Достық үйі 1992 жылы, Қазақстанда бірінші болып ашылды. Облыста бүгінгі таңда 8 Достық үйі қызмет атқарады, 80-нен астам этномәдени апталық жұмыс істейді және Қазақстандағы алғашқы этноауыл қалыптастырылды.

Аса қысқа мерзімде салынып асқақтай бой көтерген Астана қаласы еліміздің айрықша мақтанышы. Астананың әсем фотосуреттерде айшықталып басылған сәулеттік құрылымдары талғампаздықпен орналастырылып көрермендеріміздің көзайымына айналары сөссіз. Астана құрлысына Қазақстанның барлық аймақтары қатысты.

1993 жылдан бастап айналымға енгізілген қазақстандық теңге мемлекет егемендігін айқындайтын басты белгілердің бірі болып саналады. Экспозицияның теңге тарихына арналған материалдары 1993 жылғы алғашқы үлгілерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі теңгенің 20 жылдық тарихына шолу жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның монета сарайы 1992 жылы Өскеменде ашылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрамына кіреді. Теңге сарайы Қазақстанды айналымдық теңгемен қамтамасыз етеді, мемлекеттік белгілерімен - төсбелгілер айырым белгілерін, сондай-ақ бағалы металдардан шақалар, естелік шақаларды шығарады. Аталған кәсіпорында өнім дайындаудың бүкіл барысы металл балқытудан бастап дайын өнім алуға дейінгі технологиялық жұмыстардың барлық кезеңі теңге сарайы деп аталатын осы бір ғана кәсіпорында жүзеге асырылуы теңге сарайындағы жұмыстың басты ерекшелігі болып саналады.

Экспозицияға 1993 жылғы алғашқы тиындар мен теңге үлгілерінен бастап 1997-2005 жылдар аралығындағы айналымдық монеталардың топтамасы қойылған. Естелік шақалар топтамасы экспозицияға «Айтулы оқиғалар мен көрнекті тұлғалар», «Қазақстанның Мелекеттік марапаттары», «Қазақ халқының ертегілері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Ғарыш», «Қазақстанның әдет - ғұрыптарымен ұлттық ойындары» деген айдарларымен айқындалып берілген.

Қазақсан нарықтық өзгерісіне негізделген жүйеден жаңаша даму жолына бет бұрғызған аралас экономиканы қалыптастырған күрделі даму жолынан өтті. 2010 жылы индустрияландыру Бағдарламасы мәреге шықты. Қазақстан республикасының Үкіметі жаңаша дамуды жүзеге асыратын қарқынды индустрияландырудың Мемлекеттік Бағдарламасы мен елді индустрияландырудың Картасын дайындады. Индустрияландыру Картасына Қазақстан бойынша 872 жоба енгізілген. ШҚО бойынша индустрияландыру картасымен 53 жоба қамтылды.

Елді индустрияландыру Картасындағы жабық нысандардың бірі – Өскемен металлургиялық кешенінің мыс балқытатын «Қазмырыш» ЖШС. Ол әлемдегі түсті металлургия саласының аса ірі жобаларының қатарына жатады. Құны 800 млн. долларды құрайтын «Жаңа металлургия» жобасы аталмыш өнірісті толық теңгерімге келтірді. Қазмырыш – мысы басым болып келетін бағалы металдар мен қорғасын өндіруді жүзеге асыратын шоғырландырылған металлургия алыптарының бірі.

Басты кәсіпорындарды Қазақсан Республикасының аумағында, негізінен Шығыс Қазақстан облысының жерінде орналасқан 22 мыңнан астам адам тау – кен, кен байыту, сол сияқты электр энергиясын өндіру және машина жасау өнеркәсібінің жұмыстарымен қамтылған. Компания Шығыс Қазақстандағы түсті металл өндіретін негізгі үш кәсіпорынды біріктірудің нәтижесінде 1997 жылы құрылды. Өзі құрылған кезден бастап Қазмырыш өндірістік қуатын айтарлықтай арттыруға қол жеткізді. Аталмыш кәсіпорын шикізаттан өндіріске қажетті құрауыштарды кешенді түрде болып саналады. Компания сонымен бірге мырыш өндіру саласындағы әлемдегі ең үздік кәсіпорындар қатарына кіреді.

Отандық индустрияның орынды мақтанышы болып саналатын титан магний комбинаты Қазақстан Республикасының титан - магний өнеркәсібін дамыту Бағдарламасын біртіндеп жүзеге асыра отырып, нарықтық экономика жағдайында Республикадағы кезекті титан өндірісін сақтап қалып қана қоймай, әлемдік нарықта аталған өнімді өндіруде алдынғы орынды бұзып - жарып шыға алды. Қазақстанда титан өндірісінің шикізат базасы қалыптастырылуда.

Тау – кен ғылымы саласындағы заманауи жетістіктерді қолдана отырып Сәтбаев кен орнындағы ильмениттік құмдардан ӨТМК-да өңдеуден өткізуге жарайтын ильмениттік қоспалар алу ісін жүзеге асыру игерілуде. Зауыт титан құймалар мен балқымаларды өндіруді индустрияландыру Картасына енгізілген. 2010 жылдың қыркүйек айында зауыт іске қосылды. Өндірістік қуаты жылына қос балқытпалы 11 мың тонна құйма шығаруға еркін жетеді. ТМК Қазақстан Республикасы Президентінің «индустриялық серпін» номинациясы бойынша аталған өнімді сапалы шығарғаны үшін «Алтын Сапа» белгісін иеленді. Титан құймаларын өндіретін зауыт Қазақстанға шикізат алудан бастап дайын титан өнімін алуға дейінгі кезеңді қамтитын технологияны индустрияландыру ісін толығымен қалыптастырып аяқтауға мүмкіндігін берді.

2011 жылдың қазан айында оңтүстік кореялық, «Посук» компаниясымен бірлескен жобаның негізінде жаңа зауыттың іргетасы қаланды. Осы зауыт іске қосылған кезден электрондық-сәулелік балқыту әдісі арқылы сұйық металдан құбырлық құйма жасалатын жұқа өндірістік тақта беттерді өз елімізде шығара алатын боламыз.

«ӨТМК» АҚ өнімдері ғарыш, қорғаныс саласында және автомобиль, химия өнеркәсібі үшін аса қажетті болып саналады. «Үлбі металлургия зауыты» «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық компаниясының көшбасшысы ретінде танымал «ҮМЗ» АҚ-бұл уран, бериллий, тантал өнімдерін, сол сияқты машина жасау ісіне қажетті өнімдерді шығаруға бейімделген жоғары технологиялы өндірістердің аса ірі кешені. Зауыт жоғары аспаптармен, ғылыми зерттеу зертханаларымен жабдықталған. Зауыт әлемдік деңгейдегі өнімдердің көптеген түрлерін шығара алады.

«Үлбі металлургиялы зауыты» АҚ Қаражал кенішінде балқыту қышқылын алуға қажетті флюорит қоспасын өндіретін тау-кен байыту фабрикасының құрлысын аяқтады, сонымен қатар тантал ұнтағын өндіретін кешен іске қосылды.

Экспозиция Шығыс Қазақстандағы барлық аса ірі кәсіпорындардың қызметін көрсетеді. Республикалық индустрияландыру Картасының аса ірі жобаларының бірі – толық айналымды автозауыт салып, іске қосу болып табылады. Бұның өзі қазақстандық-ресей кооперациясының бірлескен табысты жұмыстарының айқын айғағы.

«Азия-Авто» АҚ отандық автомобиль жасау өндірісінің бастамасы болып есептеледі. Оның өнірістік өмірбаяны 2002 жылы басталып, осы мерзім ішінде «Lada», «Chevolet», «Skoda», «KIA» тәрізді бренд болып саналатын автомобильдердің маркаларын құрастыруды игерді.

Семейдегі автоқұрау өндірісі «DAЕWOO» автобус және «Белорусь» тракторларын құрастыруды жүзеге асырды.

Экспозициядан орын алған фотосуреттер мен құжаттар «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ қызметтерін көрнекті түрде айғақтап жан - жақты көрсетеді.

Агроөнеркәсіптік кешендер - Шығыс Қазақстанның экономикасында айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Шығыс Қазақстан агроөнеркәсіптік кешендерінің қуаты ауыл-шаруашылық өнімдерін жоғары технологиямен өңдеуге толығымен жетеді. Экспозиция материалдары «Камышинское» «Багратион» тәрізді сүт өнімдерін өңдейтін жетінші кәсіпорындардың қатарынан «Шығыс сүт» АҚ мен «Эмиль» АҚ лайықты орын алды.

Ара шаруашылығы мен марал шаруашылығы Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының айтулы да бірегей салалары болып саналады. Өлкеде құс өсіру шаруашылығының дамуыда қарқынды сипат алуда. Өскемен құс фабрикасы елді индустрияландыруды жаңаша, қарқынды дамыту Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді ат салысуда.

Экспозицияның қортынды бөлімінде өлке спорты мен мәдениетінің даму беталысы туралы, сондай-ақ, «Туған ел – алтын бесігім» акциясының барысымен, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі туралы материалдар орын алған.