Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

МУЗЕЙДЕГІ ТҮН – 2018

Шығыс Қазақстан облысында «Музейдегі түн» мәдени – көпшілік іс – шарасы алғаш рет 2011 жылы Облыстық тарихи – өлкетану музейінде атап өтілді. Іс - шара - қала өміріндегі көпшілік асыға күткен қызықты, әрі маңызды шара болып саналады. Іс – шара барысында көне дүниеге қызығушылық танытқан қала меймандары мен тұрғындары үшін бұл күні, дұрысында бұл атаулы түнде есігімізді қуана айқара ашып, археологиялық жәдігерлерімізді, түпнұсқа көнекөз бұйымдарымызбен бірге, этнографиялық топтамаларымызды көпшіліктің тамашалауына ұсынды.

Іс – шара бағдарламасында, көрермендеріміздің таным көкжиегін барынша кеңейту мақсатында бірнеше интерактивті алаңдар арнайы ұйымдастырылып, көрермендеріміздің қызығушылығын арттыруға көмектесті. Мәселен, «Өткен күндерге сағынышты көңіл – күймен» деп аталатын арнайы танымдық алаңқайды тамашалаған қалалықтар 19 ғасырдағы қала тіршілігінен орын алған ежелгі қалалықтардың қонақжайының қыр – сырына қанығуға мүмкіндік алса, «Жас археолог» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған алаңның жұмысына қатысқан көрермендер өлкеміздің ежелгі тарихы бойынша білімдерін өзара бөлісумен қатар, музей қызметкерлері тарапынан нақты деректермен танысып дүниетанымдарын кеңейтуге мүмкіндік алды.

Ал, «Менің кішкентай сүйікті жануарым» - көркемөнер суреткерлері мен анималист – мүсіншілер изостудиясы, мерекелік іс – шараның кішкентай меймандарының көңілінен шықты.

«Бауырсақ – шоу», «Мергендер сайысы», «Алыптар сайысы» - ойын – сауық мәдени сайыстары, дәстүр сабақтастықтарының жалғасуын, келген қонақтардың салт – дәстүрге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

«Музейдегі түн» бағдарламасының барысында ұйымдастырылған фотосуретке түсіру фотоалаңдарының жұмысына қатысқан қала тұрғындары мен меймандары, өз шеберліктерін көпшілікке паш етуге қол жеткізе алып, мерекенің көңілді мазмұнды өтуіне белсенді түрде атсалысты.

Мерекелік іс – шара, музей кіреберісінде сағ.19:00-де басталып, сағ. 22:00-дан соң концертпен, дискотекамен және отшашумен аяқталды!