Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Қамшы - оның сыры

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, сал-дәстүрінде, қазақ петроглдифтерінде ең көп кездесетін бейнелердің бірі – салт адамның негізгі атрибуты болып табылатын қамшы.

Ол – суреттерде екі түрлі жағдайда кездеседі. Бірінде ол – ол құлыптастардың жақтауларына салынған қару-жарақ және аяқ киім түрлерімен бірге кездессе ( 1 сурет), ал екіншісінде – салт аттының жабдығы ретінде көрінеді.

Қазақ қамшысы үш бөліктен – саптан, өрімнен және екеуін жалғастырып тұратын алақаннан тұрады. Қамшының сабы негізінде ағаштан, соның ішінде ырғайдан немесе тобылғыдан жасалынады. Оның қолға ұстайтын жері былғарымен қапталынып, соңына бүлдірге тағылады. Согдай-ақ сабы тау ешкі мен киіктің мүйіздерінен және еліктің сирағынан істелген қамшыларда кездеседі. Ал қамшы өріміне келсек, ол ірі қараның терісінен иілген қайыс таспалардан өріледі. Оны әртүрлі қылып өру үшін таспа санын 4-тен 32-ге дейін өзгертіп отырған.

Қазақ петроглифтеріндегі, сондай-ақ эпикалық жырларда қамшыға ерекше орын берілген. Мысалы, Тува халқының эпикалық жырындағы Алтай Бұұчай қамшысы 60 өгіздің терісінен өрілген. Оның 4 қатары – 4 жастығы, үш қатары – 3 жастағы өгіз терілерінен өрілсе, ал сабы алтыннан істелген. Қамшы – деректерге сүйенсек, өткен уақыттарда көшпелі малшының күнделікті қолданатын затынан басқа бірнеше функцияларды да атқарған. Олар: қатерлі қару, ғұрыптық-магиялық зат және тб.

Қамшы – қатерлі қару. Қамшы қару ретінде сонау көне заманнан, яғни б.з.д. 1-ші мыңжылдықтын басынан б.з. 19 ғасырдың бсына дейін қолданып келген. Оны археологиялық материалдар, мифтер мен аңыздар

(скифтердің құлдарымен қамшы арқылы шайқасқаны туралы аңызда бар).

Қазақтарда және Еуразияның далалық белдеулерін мекендеген басқа да халықтарда қамшыны қару есебінде негізінен қылыш немесе семсер жұмсауға тұрмайтын қарсылысына, ат сайысында, аң аулағанда сондай-ақ

«барымтада» қолданған.

Қару есебінде қолданылатын қамшыларға – дойыр, дырау, жыланбауыр және т.б. қамшы түрлері жатады. Олардың сабы салмақты, өрімі жуан және жіңішке болып келеді. Кейде өрімге темір талшығынан өзек салып та дайындалған. Қамшы қару ретінде қолдану кім көрінгеннің қолынан келе бермейді. Оның қару ретінде тек жауынан қорғана алатын не жайратып салатын адамдар – қамшыгер-батырлар ғана қолдана алады. Қамшыгерлік тума қабілет емес. Ол адам бойындағы тездік пен ептілік, дәлділік пен мергендік, өткірлік пен батылдық, қарулық, қатты қолдылық пен сескенетін серттілік сияқты ішкі қасиетттермен ұштасып жататын мамандық.

Қамшы – ғұрыптық-магиялық зат. Оның ғұрыптық-магиялық функциясы ең алдымен бақсылықпен байланысты. Олай дейтін себебіміз, қазақтар мен Орта Азияның басқа да халықтарындағы бақсылардың ғұрыптық заттарының құрамынан ерекше орындардың бірін қамшы алады. 18-19ғғ. әртүрлі хабарлауларында қазақ бақсылары қобызды ойнай отырып, ауру адамның бойындағы жындар мен шайтанды тобылғыдан жасаған қамшымен ұрып қуатын болған. Қамшының прагматикалық функциясынан, яғни күнделікті қолданылатын және символдық зат екенінен басқа белгілі бір жағдайда семиотикалық статусы болған.

Ол – құда түсуде немесе сот-құқық практикасында және т.т. көрінеді. Оған мысал ретінде қазақтың мына бір салтын алуға болады. Бұлт салт бойынша дау қуып келген адамдар қарсыластарымен кездескенде даулап келген істерін (жер дауы, жесір дауы т.б.) бірден шешу үшін алқалы ортаға қамшы тастайтын болған.

Қазақтарда қамшыға байланысты бұдан тыс көптеген ырым-салттар бар. Оған қамшыны жерге тастамау, егер жерде жатса аттамау, қамшының сабы сынса жамандыққа жору, адамдардағы кеселдерді, малдағы кейбір індеттерді қамшымен ұшықтау, қамшыны босағаға ілмеу т.б. толып жатқан ырымдар мен тыйымдарды атауға болады. Соның бірінде сырттан келген адам, мейлі кім болсын үйге кірерде қамшысын ат үстінде немесе уй сыртында қалдырып кететін болған. Мақсатсыз болса да қамшымен уйге кірген адам ауыр сөгіс естиді, не айыпқа тартылады. Өйткені, қамшыны уйге алып кіру қазақтарда, сондай-ақ моңғолдарда бір паленің басы деп саналады. Сондай-ақ қазақтарда қамшы ілулі тұрған үйге шайтан кірмейді деген ұғым бар. Ат әбзелдері һәм ер қаруы ретінде ұсталатын қамшыға байланысты тілімізде қамшы үйіру, қамшы білеу, қамшымен жасқау, сипап қамшылау, батыра қамшылау, орап тарту, тіле тарту, баса тарту, көксите тарту, салып қалу, сондай-ақ теседі, сызады, осады, көгертеді, езеді, бөледі, ьсындырады, өлтіреді, секілді таулар бар. Бұдан қамшының қалай ұрылып, қаншалықты зардабы болатындығын көруге болады.