Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Ресейдің қазіргі заман тарихының Мемлекеттік орталық музейінде, 25 мыңнан астам жәдігерлері бар «Ұлы даланың алтыны» атты көрмесі ашылды. Бұл көрменің ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі және Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілікгі себепкер болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, Облыс әкімі Д. Ахметовтың бастамасымен жүргізілген «2016-2018 жж. ШҚО археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламысы» нәтижесі арқылы археология саласы бойынша таңқаларлық жаңалықтарға қол жеткізілді. Берел, Шілікті, Елеке Сазы қорымдарында, Қазақстанның атақты археологтары Зейнолла Самашев және Әбдеш Төлеубаевтың басшылығымен ғылыми іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов көрмені аша отырып, көрсетілген экспозиция - Қазақстан Республикасы аумағындағы мыңдаған жылдар бойы қалыптасып келген, бай тарихи-мәдени біртектілікті көрсетеді деп айтып кетті.

Көрменің негізгі элементі, 2003 жылы Әбдеш Төлеубаев Шілікті қорымынан тапқан б. д. д. VIII-VII ғғ. «Алтын адамнның» жаңғыртпасы болып табылады. Көшпенді бейнесінің жаңғыртпасын танымал шебер – Крым Алтынбеков орындаған болатын.

Көрмедегі Берел қорымынан табылған Зейнолла Самашевтың олжалары, әсіресе, салтанатты-жерлеу үшін жабдықталған Берел жылқысының жаңғыртпасы (б. д. д. IV – III ғғ.) көрерменнің қызығушылығын туғызды.

Сонымен қатар Елеке Сазы қорымындағы элиталық жерленген орынынан алынған Зейнолла Самашевтың сенсациялық жаңалықтары көрерменді таңқалдырды. Осы арқылы жаңа «Алтын адам» б. д. д. VII-VII ғғ. туралы нық айтуға хақылы боламыз. Қазіргі таңда ресей ғалымдарымен бірлесіп, антропологиялық және морфологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ерте көшпенділердің алтынға деген идеологиялық көз қарасы – жәй ғана жалтыраған металл ғана емес, мәңгілік күннің көрінісі, оның сәулесі, ханның қолбасышылық бейнесін көркемдейді. Көріністер мен сюжеттердің белгілі жиынтығы, Тарбағатайдан Алтайға дейінгі көркем өнердің үлкен аумағын көшпенділердің діни және идеологиялық аймақтық байланысын көрсетеді. Аң үрдісінің барлық туындыларына тән бейнелерге жыртқыш аңдар (барс, қасқыр), тұяқтылар (бұғы, бұлан, ешкі, қой), құстар (бүркіт, грифон, бозторғай) жатады.

Зейнолла Самашев және Әбдеш Төлеубаев өз сұхбаттарында - осы асыл заттар одан әрі зерттелуі хақ, материалдардың жақсы сақталуы олардан мол мәлімет алуға мүмкіндік береді деп айта кеткен екен.

Көрменің ашылуы барысында, Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Кербез» фольклорлық ансаблі қазақ халқының ұлттық туындыларын орындады.

Қайталанбас археологиялық жәдігерлер ресей жамағаты назарына 17 күн аралығында көрсетіледі.