ОБЛАСТНОЙ ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ МУЗЕЙ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

2019 жылдың 21-22 қарашасында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында «Шығыс Қазақстанның соңғы жылдардағы археологиялық-этнографиялық зерттеулеріндегі Шәкәрім университетінің үлесі» тақырыбында аймақтық «Open space» кездесуі өткізілді.

Аталмыш шараға «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» Шығыс Қазақстан өңірінде жүргізілген соңғы археологиялық жаңалықтардың баға жетпес жәдігерлері жинақталған «Ұлы Даланың алтыны» атты көрмесімен қатысты. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Еуразияның далалық және орманды далалық кеңістіктерінде көптеген халықтардың, соның ішінде қазіргі заманғы Қазақстан аумағында тұрып жатқан халықтардың тарихи тағдырларын көптеген ғасырларға анықтаған оқиғалар болды. Еуразияның ерте темір дәуірі (б.з.д.ІХ ғ - б.з ІІІ ғ) ең алдымен көшпелі өмір салтына өтумен байланысты. Оны көбінесе салт аттылар заманы деп айту да толықтай дұрыс. Осы замандағы Қазақстан халқының жеткілікті дамуы мен айқын мәдениеті туралы қорғандардағы көптеген жерлеулер куә, мұнда археологтар сурет өнерінің тамаша ескерткіштерін, қаруларды, тұрмыстық заттарды тапқан. Бұл жағынан Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан Шілікті, Берел, Елеке Сазы сияқты ескерткіштер ерекше орын алады.

Шілікті қорымы Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр Сайқан тауларымен қоршалған алқапта орналасқан. Бұл шынымен де ірі қорғандардың санымен таң қалдыратын Хан алқабы, онда бірнеше тізбектерге созылған 200-ден астам бар. Ерте сақ кезеңінің ақсүйек ескерткіштері айрықша табиғи кешеннің орталығында орналасқан. Бұл ірі үйінділер, олардың астында бөренелі кесінділерде б.з.д 8-6 ғғ. «алтын киімдерге» қапталған басқарушы элиталар жерленген. Алғаш мұндай қорған 1960 жылы археолог С.С.Черниковтың жетекшілігімен қазылған, онда 524 алтын заттар табылған. Дәл сол жерде алтын «ұшатын бұғы» табылған - бұл скиф-сақ өнерінің айрықша үлгісі. Бүркіт-грифтердің, балықтардың, қабанның, мысық тектес жыртқыштың, бозторғайдың, қоянның суреттері пішінінің айрықшалығымен және көрмекділігімен таң қалдырады. Бұл табылған заттар сол кезде-ақ «аңдар стилі» өнері қайда туындады деген археологтардың сұрағының туындауына мүмкіндік берді. Табылған алтын әшекейлер мінсіз және өзіндік ерекше болды. 2003 жылы Шілікті қорымында археолог А.Т Толеубаев қазба жұмыстарын жалғастырды, ол өзіндік ерекше жаңалық болды. 4333 алтын бұйым табылды: барыс, бүркіт, бұғы, арқар, қасқыр түріндегі айылбастар және алтын моншақтардың көп мөлшері табылды. Сонымен қатар алтын бес басты жұлдыз түріндегі айылбастар табылды, ол ертеде дәулеттілікті, ахуалды білдірді, осы тұлғаның ерекше жағдайын көрсетті. Табылған заттар ерте сақ мемлекеттік бірлестігі руынан бір хан тұлғасының костюмына және сыртқы бейнесіне түпнұсқалық қалпына келтіру жасауға мүмкіндік берді, ол Қазақстандағы ең ерте «Алтын адам» болып табылады. Археологтар С.С.Черников пен А.Т. Толеубаевтың барлық жоғарыда аталған олжалары Санкт-Петербург және Алматы қалаларының музей қорын толықтырды.

2016 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.К. Ахметов 3 жылдық «2016-2018 жылдарға ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасын» бастады. Осы бағдарлама аясында археолог А.Т. Толеубаев 2016 жылы Шілікті қорымында ағаш қабірде алтыннан жасалған 2025 әшекей тапты, соның ішінде бұғы, бүркіт-грифон, мысық тектес жыртқыш түріндегі айылбастар және алтын моншақ анықталды. Шілікті алқабындағы қазындылар аса көрнекті ашулар қатарына жатады, олар б.з.д І мыңжылдықта Еуразия кеңістігіндегі мәдени-тарихи, этно-саяси процесстерді қайта құру үшін өте маңызды.

Б.з.д. 4-3 ғғ. Берел қорымы туралы да дәл солай айтуға болады, ол ертедегі Қазақстан халықтарының бірінің көсемдерінің көмілген жері болып табылады. Берел алқабының ежелгі тұрғындары өздерінің билеушілері үшін қаза тапқандардың бальзамдалған денелері ұзақ уақыт бойына шірімей қалдырылатын қабірлерін тұрғызды, ал олардың тастан жасалған ғимараттарды салу тәжірибесі жерлеу камерасында мәңгі тоң линзасының қалыптасатындығын болжады. Алғаш рет «мәңгі тоңы» бар қорғанды 1865 жылы В.В. Радлов қазған. Ағаш қалыптағы хан тұлғасы ана әлемге он жеті жылқымен бірге жерленген, олардың ер-тұрмандары ағаштан жасалған айылбастар мен алтын жағылған қабықтардың көп мөлшерімен безендірілген. 1999 жылы Берел қорымында З.С. Самашевтың жетекшілігімен Халықаралық Қазақ-Француз экспедициясы жұмыс істеді. Археологтар хан қабірін зерттеген, оның жанында толық жабдықтарымен - ауыздықтаған және ерттелген 17 жылқы орналасқан. Жылқы жабдықтарының бөлшектері мысық тектес жыртқыштар, тау текелер мен қойлар, бұлан, жыртқыш құстар мен қиялдағы грифтердің шынайы түрдегі суреттері алтынмен жылтырап тұрған. Аталған олжалар Астана қаласының Ұлттық музейінде көрсетіледі.

З. Самашев 3 жылдық «2016-2018 жылдарға ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» аясында Берел қорымында жұмыстарды ұсынды. 2016 жылы бес жылқының сүйемелдеуімен ақсүйек әйелдің көмуі зерттелді. Атардың бастары мен жерленген әйелдің киімі алтынмен әшекейленген болды. 2017 жылы қазылған тағы бір әйел көмуінде алтыннан жасалған 156 бұйым табылған, олар бас киім, сонымен қатар былғары мен теріден тігілген киім болған. Бұл табыстардың айрықшалығы, берел артефактілері бүкіл әлемге ерте салт аттылар дәуірінің айрықша мәдениетін көрсетуге мүмкіндік бергендігі болып табылады. Ұлы дала еркіндік сүйетін ертедегі көшпелілері тек қана тамаша салт аттылармен және шебер әсерлермен ғана емес, сонымен қатар өнерлі шеберлер де болды.

2018 жылы З. Самашевтің жетекшілігімен археологтар тобы Елеке Сазы қорымында жұмыстар жүргізілді, ол б.з.д 1 мың жылдыққа жататын жүздеген қорғандардан тұрады және элиталық қорғандардың болуымен ерекшеленеді. Ірі қорғандардың бірінде археологтар қоршаудағы қазынаны тапқан, онда діни-құдыретті қызметке ие, ол туралы әйелдер мен ерлер костюмдерінің жасырылған алтын әшекейлердің көп мөлшері куә. Бұл жыртқыш құстардың басы түріндегі пішінді жапсырмалар, алтын моншақтан жасалған мыңдаған ұсақ моншақтар, ирек тәріздес моншақтар, киімге арналған дөңгелек алтын жапсырмалар. Ең маңызды оқиғалардың бірі 17-18 жастағы атақты жасөспірімнің сүйегінің табылуы болып табылады, оны жерлеуі алтын әшекейлерге бай: ұзын мүйіздері бар бұғы түріндегі алтыннан жасалған жапсырмалар, мүйізі жоқ марал пішіндері, әдемі мүйіздері бар бұғылардың пішіндері және мойынында үлкен алтын гривна. Сонымен қатар алтын қынаптағы қанжар табылған, қорапсақ ұзын алтын пластинамен безендірілген. Жебеге арналған құтының ағаш түбі дән техникасында орындалған бұғылардың пішінімен безендірілген алтыннан жасалған қоршауға ие. Барлық осы айрықша олжалар б.з.д 8-6 ғғ. мерзімделеді және ерте сақ бейнелер өнерінің айрықша туындылары болып табылады.

Шілікті, Берел, Елеке Сазы қорымдарының айрықша археологиялық зерттеулерінің арқасында б.з.д бірінші мыңжылдықта шексіз қазақ даласы, тау алқаптарында көшпенділердің әскери тайпалары орныққандығы туралы қорытынды жасауға болады. Бұл мемлекеттік білім деңгейіне жеткен тайпалардың қуатты одақтары құрылған батырлық дәуір болды. Көшпенділік дәуірі - тек соғыс жорықтарының уақыты ғана емес, қайталанбас көркем жаухарлардың құрылу кезеңі. Шілікті, Берел және Елеке Сазы элиталық қорғандарына көмілген ерекше мәртебе қарулық заттардың және ат әбзелдерінің салтанатты-көркемделгендігін, биліктің заттай нақышын, алтынның көп болғандығын көрсетеді. Ежелгі көшпенділердің идеологиялық түсініктерінде алтын - бұл жай жылтырақ металл ғана емес, мәңгі күннің бейнесі, оның материалданған сәулесі ханның, қолбасшының құдіреттілігін бейнелейді. Тарбағатайдан Алтайға дейінгі зор аймақтағы өнердегі көркем тәсілдердің белгіленген образы мен бейнелері осы аймақтың діни және идеологиялық жақындықтарын болжауға мүмкіндік береді. Аңшылық стиль дәстүрінің барлық туындыларына жыртқыштар (барыс, қасқыр), тұяқтылар (бұғы, елік, ешкі, қой), құс (бүркіт, гриф, бозторғай). Шілікті, Берел, Елеке Сазы қорымдарының қазба материалдары Ұлы даланың ежелгі көшпенділер дәуірінің мәдени-тарихи процестерін қайта жөндеудің басты рөлінде.

«2016-2018 жылдарға ШҚО археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму бағдарламасы» шеңберінде табылған барлық артефактар обылыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын толықтырды.